Пәкістандағы жарылыстан көз жұмғандар саны 83 жетті, көбі полицейлер

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласындағы мешіттегі лаңкестік әрекеттен көз жұмғандар саны 83-ке дейін өсті, 150-ден астам адам жарақат алды. Қаза тапқандардың көпшілігі полиция қызметкерлері, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Ауруханаға барған елдің премьер-министрі Шахбаз Шариф жарылыстың артында тұрғандарға қарсы «қатаң шаралар» қабылдауға уәде берді. Бастапқыда теракт үшін жауапкершілікті пәкістандық Талибан командирі өз мойнына алған еді, бірақ кейінірек ұйым діни нысандарға жасалған шабуыл оның саясатына қайшы келетінін түсіндіріп, шабуылға қатысы жоқтығын айтқан.

Қаланың қатаң қорғалатын аймағында орналасқан сунниттік мешіттегі шабуыл соңғы жылдардағы Пәкістан қауіпсіздік күштеріне жасалған ең қауіпті шабуылдардың бірі болды.

Еске салсақ, бұған дейін Пәкістан мешітіндегі жарылыстан қаза тапқандар саны 59-ға жеткені туралы хабарлаған болатынбыз.


Фото: ru.euronews.com

Соңғы жаңалықтар