Пәкістандағы пойыздар соқтығысы: құрбандар саны 62-ге жетті

None
None
ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Пәкістанның оңтүстігінде екі жолаушылар пойызының соқтығысуы салдарынан кем дегенде 62 адам мерт болып, 100-ден аса адам зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат BOL News телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің теміржол көлігі министрлігінің мәліметінше, апат Синд оңтүстік провинциясындағы Готки қаласының аумағында болды. Пойыздардың біреуі рельстен шығып кеткен, артынша оған екінші құрам соғылған.

Қазіргі кезде соқтығысу болған теміржол тармағындағы қозғалыс қайта жанданды. Құтқару операциясы жалғасуда, оған Пәкістан әскері қатысуда.

Мұның алдында GeoTV телеарнасы кем дегенде 50 адамның мерт болғаны туралы хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар