Пәкістанда таеквондодан өткен халықаралық турнирде қазақстандық сарбаз жеңімпаз атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушысы Жансель Дениз Исламабадта өткен «Pakistan Open International Taekwondo (G-1)» халықаралық турнирде «алтын» алды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызсетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы G-1 дәрежесіндегі сайыста түрлі елдер 500-ден астам атлет қатысып, 16 жиынтық медаль ойнатылды.

– Армия спортшысы кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетті. Турнирдің рейтингі бойынша Қазақстан құрамасы алты алтын медаль алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға тұрақтады, - деді Орталық армия спорт клубы төрағасының орынбасары – Штаттық команданы даярлау орталығының бастығы майор Әнуар Үсенов.

Сайыс өткен елден бөлек, турнирге Ауғанстан, Албания, Непал, Иордания, Қазақстан, Оман, Мысыр, Иран, Түркия, Марокко, Біріккен Араб Әмірліктері, Сальвадор, Хорватияның үздік спортшылары қатысты.



Соңғы жаңалықтар