Пәкістанда су тасқынынан 10 адам қаза тапты

None
Фото: aa.com.tr
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның Белуджистан провинциясында толассыз нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Dawn газетінің хабарлауынша, жексенбіге қараған түні елдің Хуздар, Зоб және Аваран қалаларында қатты жаңбыр жауған.

Табиғи апаты салдарынан 10 адам қаза тапты, оның 8-і бір отбасының мүшелері. Қаза тапқандардың арасында екі бала мен үш әйел бар.

Өңірдегі кейбір ғимараттар зақымданды.


Соңғы жаңалықтар