Пәкістанда сайлау учаскесіндегі жарылыстан 31 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның Белуджистан провинциясына қарасты Кветта қаласында жаңкешті лаңкес жарылыс ұйымдастырды. Оқиға салдарынан 31 адам мерт болды, олардың қатарында бес полицей қызметкері болған. 30 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Times of Islamabad-қа сілтеме жасап.

Полицияның дереккөздеріне сәйкес, жарылыс патрульдік полиция автокөлігінің жанында болған. Дәл сол уақытта халық Пәкістандағы дауыс беру үшін сайлау учаскесінің алдында кезекте тұрған. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиға болған аймақты қоршап алып, тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Айта кетейік, бүгін, 25 шілде күні Пәкістанда Ұлттық ассамблея мен провинциалдық ассамблеяға сайлау басталды. Алайда террорлық актілер мен депутаттыққа үміткерлерге жасалған шабуылдар сайлауалды науқанның шырқын бұзды.

Соңғы жаңалықтар