Пәкістанда пойыз автобуспен соқтығысып, 19 адам қаза тапты

None
None
ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат – Пәкістанның шығыс бөлігінде Пенджаб провинциясында пойыз автобусты соғып өтіп, салдарынан кем дегенде 19 тәу етуші сикх қаза тапты. Бұл туралы жұма күні Geo TV телеарнасы хабарлады.

Тәу етушілер мінген автобус рұқсат етілмеген жерден теміржолды кесіп өтіп бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзып, жолда пойыздың жоқтығына көз жеткізіп алмаған.

Зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді, олардың саны анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар