Пәкістанда ҚазҰУ-дың ғылыми орталығы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Караши (Пәкістан) университетінде бірлескен ғылыми орталық-инновациялық зерттеулер зертханасын ашты. Жоба Оңтүстік елдерінің тұрақты дамуы үшін ғылым және техника жөніндегі комиссияның (COMSATS) көмегімен жүзеге асырылды. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Орталықтың ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚазҰУ ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Тілекқабыл Рамазанов Қараши университетінің химия ғылыми-зерттеу институты мен Халықаралық химия және биология ғылымдары орталығы арасындағы ынтымақтастық 20 жыл бойы дамып келе жатқанын атап өтті. Бірлескен зерттеу жұмыстары биоорганикалық химия, фармакология, жоғары молекулалық және табиғи қосылыстар химиясы саласында жүргізілді. Осы уақыт ішінде ҚР 15 патенті рәсімделіп, халықаралық ғылыми журналдарда 70-тен астам мақала жарияланды. ҚазҰУ ғалымдары мен студенттері тұрақты негізде Караши университетінде тағылымдамадан өтіп, білім алуда.

«Бірлескен ғылыми орталық-зертхананың ашылуы біздің ынтымақтастығымызды жаңа сапалы деңгейге көтереді. Мұндай халықаралық әріптестік екі ел үшін өзекті жобаларды орындауға және әлемдік ғылыми қауымдастыққа тиімді ықпалдасуға мүмкіндік береді және бұл әсіресе Қазақстанның жоғары білікті және бәсекеге қабілетті жас кадрларын даярлауға елеулі үлес қосады», - деді ҚазҰУ проректоры.

null

ҚазҰУ мен Караши университеті қол қойған ынтымақтастық туралы Меморандум орталық базасында ғылыми кадрларды бірлесіп дайындауды, фитохимия, биомедицина, дәрілік заттар мен өсімдік шикізаты негізінде өнім өндіру саласындағы зерттеу жұмыстары мен жобаларын әзірлеуді және іске асыруды көздейді.

null

ҚазҰУ - Қазақстандағы COMSATS үстемдігінің серіктесі және орталығы, 2015 жылдан бастап осы халықаралық ұйымға кіретін ТМД елдеріндегі жалғыз жоғары оқу орны. Жетекші қазақстандық ЖОО COMSATS мүшесі болып табылатын Азияның, Африканың, латын және Орталық Американың 25 елінің танымал университеттерімен және ғылыми-білім беру орталықтарымен ынтымақтастық орнатқан.

null

Соңғы жаңалықтар