Пәкістанда «Қазақстан үйі» ашылды

None
ЛАХОР. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшісі Ержан Қыстафин Лахор қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Пәкістанда алғашқы «Қазақстан үйінің» салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан үйін ашудың негізгі мақсаты – Пәкістан азаматтарына қызметтердің кең спектрін ұсыну және «бір терезе» қағидаты бойынша кеңес беру. Онда қазақстандық виза мәселелері бойынша қолдау көрсету мүмкіндігімен қатар туризм, мәдениет, білім беру, сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту бөлімдері ұсынылған.

Пенджаб провинциясының губернаторы М. Балиг-ур-Рехман және Лахор қаласының комиссары М. Әли Рандхава барлық қатысушыларды Қазақстан үйінің ашылуымен құттықтап, бұл қадам Қазақстан-Пәкістан қатынастары тарихының жаңа кезеңін белгілейтінін атап өтті. Е. Қыстафин Қазақстан үйі екіжақты қатынастарды нығайтуға және екі ел халықтарын жақындастыруға қызмет ететініне сенім білдірді.


Соңғы жаңалықтар