Пәкістанда қарулы адамдар 500 курсантты тұтқынға алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістандағы Пешавар қаласында кем дегенде алты қарулы адам әскери училищенің курсанттарын тұтқынға алған.

Бұл туралы жергілікті әскерилерге сілтеме жасаған Reutersсо хабарлайды.

Агенттіктің ақпаратынша, сарбаздар қоршаған ғимараттың ішінде 500-дей студент пен оқытушы бар. Училищенің маңында атылған оқ дыбыстары естіледі.

Agence France-Presse-тің хабарлауынша, екі жасөспірім өлтіріліп, тағы 25-і жарақаттанған.

Болған оқиға үшін жауапкершілікті исламдық «Техрик-е Талибан Пәкістан» қарулы ұйымы мойнына алды. Олардың өкілі Мухаммед Хорасанидің мәлімдеуінше, басқыншылардың арасында жанкешті-лаңкестер де бар.

Соңғы жаңалықтар