Пәкістанда екі автобус жол апатына ұшырап, 13 адам қаза тапты

None
ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат – Пәкістанның Пенджаб провинциясында екі автобус апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты және бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Xinhua агенттігі полицияға сілтеме жасап хабарлағандай, оқиға Рахим-Яр-Хан округінде M-5 қалааралық магистралінде болған. Автобустың доңғалағы жарылып, аударылған. Оның артында келе жатқан екінші автобус пен жол талғамайтын көлік оған соғылған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, олардың бір бөлігі ауыр халде.

Соңғы жаңалықтар