Пәкістанда екі автобус соқтығысып, 12 адам қаза тапты

None
None
ИСЛАМАБАД. Синьхуа-ҚазАқпарат – Пәкістанның оңтүстігінде орналасқан Синд провинциясында жолаушылар автобустарының соқтығысуы салдарынан 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сәрсенбіде түс шамасында Синд провинциясының Хайрпур округіндегі тасжолда екі автобус бетпе бет соқтығысқан. Апат орнына тез арада полиция мен құтқарушылар келді. Олар зардап шеккендер мен мерт болғандардың денелерін жақын жердегі ауруханаға жеткізді. Қайтыс болғандар арасында әйелдер мен балалар бар, зардап шеккендердің көбі ауыр жарақаттар алған.

Жергілікті полицияның мәліметінше, алдын ала зерттеу нәтижесіне сәйкес апат жүргізушілердің біреуінің абайсыздығынан болған.


Соңғы жаңалықтар