Пәкістанда автобус 45 метр биіктіктен құлап, 24 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістандағы Пенджаб провинциясында көпірден өтіп бара жатқан автобус құлап, 24 адам қаза тауып, 50-і зардап шекті, деп хабарлайды Dunya News телеарнасы

Анықталғандай, жол көлік апаты  провинцияның шығысында орналасқан Талаганг елді мекеніне жақын маңда болған.

Құтқарушылардың ақпаратына қарағанда, автобусқа шамамен 80-ге жуық адам мінген.

Дәрігерлердің айтуынша, 18 жолаушының жағдайы өте ауыр.

 Кохаттан Рейвиндке бара жатқан автобус  45 метр биіктіктен құлаған. 

Соңғы жаңалықтар