Пәкістанда апат салдарынан 13 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пәкістанда Карачи-Хайдарабад тас жолында фургон аударылып, отқа оранған, кем дегенде 13 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті Dawn газетіне сілтеме жасап.

Апаттың ықтимал себебі тежегішті күрт басу. Жүргізушіге фургонның алдында келе жатқан көліктің капотты ұшып кеткендіктен амалсыз тежегішті басуға тура келген.

Көлікте кем дегенде 20 жолаушы болған, тірі қалған жеті адамның бесеуі ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен дәрігерлер жетті. Жолдың осы бөлігіндегі қозғалыс тоқтатылды.


Соңғы жаңалықтар