Пәкістан мешітінде жарылыс болып 19 адам қаза тапты - БАҚ
2023 жылғы 30 қаңтар, 16:41

АСТАНА. ҚазАқпарат – Пәкістанның Ауғанстан шекарасына жақын Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылыстан кемінде 19 адам қаза тапты. ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен 90-нан астам адам ауруханаға жеткізілген,соның ішінде 10 адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді.
Жарылысты жанкешті түскі намаз кезінде өзін жарып жіберген. Ол кезде мешітте шамамен 250-дей адам болған. Мешіт учаскелік полиция бөлімшесінің жанында орналасқан.
Фото: REUTERS/Fayaz Aziz
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары