Пәкістан мен Үндістан белсенділеріне Нобель сыйлығы тапсырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Норвегияның астанасы Осло қаласында Пәкістандық белсенді және балалар құқықтары үшін күресуші он жеті жасар Малала Юзафайға әлемдік Нобель сыйлығы табысталды, деп жазады батыстық БАҚ.

Бұл жоғары марапатты сондай-ақ 60 жастағы үндістандық белсенді әрі дәрігер, 35 жыл бойы балаларды құлдық еңбектен босату үшін күрескен Кайлаш Сатьярти да алды.

2012 жылы Юсуфзай лаңкестер шабуылының құрбаны болды. «Талибан» қозғалысының содыры оның басынан атқан. Абырой болғанда, тірі қалды. Бирмингемде өткізілген күрделі отадан кейін ол Англияда қалып қойды.

Соңғы жылдары Юзафай көптеген халықаралық жүлделер мен марапаттарға ие болды. Бұлар 10 қараша күні әлемдік Нобель сыйлығына лайықты деп танылған болатын.

Соңғы жаңалықтар