Пәкістан аумағының басым бөлігі су тасқынынан зардап шекті

None
ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат – Пәкістан аумағының басым бөлігі мыңға жуық адамның өмірін қиған күшті муссоннан кейінгі жойқын су тасқынының зардаптарын бастан кешуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press-ке сілтеме жасап.

Пәкістанның Табиғи апатқа қарсы күрес жөніндегі ұлттық басқармасы сенбі күні су тасқынының салдары туралы соңғы мәліметті жариялады. Бүгінде нөсер жауын салдарынан орын алған оқыс оқиғалардан 982 адам қаза тауып, 1456 адам жарақат алған.

Жұма күні Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф халықаралық көмекке жүгінді.

Толассыз жауған жаңбырдан су тасқыны орнап, миллиондаған адам баспанасыз қалып, ел бойынша жарты миллионнан астам үйді қиратқан қатты су тасқыны болды. Олар сондай-ақ 2 млн гектарға жуық егінге зиян келтіріп, 802 мың бас малдың шығынына әкелді. Бүгінде Пәкістанның көптеген жерінде жолдар шайылып, халықтың бір бөлігі азық-түлік пен жарықсыз қалды. Су тасқыны 3 мың шақырымға жуық жол мен 149 көпірді қиратты.

Ел үкіметінің мәліметінше, Пәкістандағы 160 ауданның 116-сында 30 миллионға жуық адам немесе ел халқының 15 пайызы жаңбыр мен су тасқынынан зардап шекті. Сарапшылардың бағалауынша, ағымдағы қаржы жылында бұрын-соңды болмаған жаңбыр мен су тасқынынан келген экономикалық шығын 4 млрд доллардан асып тұр.

Ұйым жағдай одан ары нашарлайды деп алаңдаушылық білдіруде, өйткені мұндай су тасқыны су арқылы таралатын аурулардың көбею қаупін тудыруы мүмкін.

Пәкістандағы жергілікті, үкіметтік және жаһандық ұйымдар мұқтаж жандарға көмек көрсете бастады.




Соңғы жаңалықтар