Пакьяоны жеңген WBO чемпионы Головкинмен айқасқысы келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аустралиялық боксшы Джефф Хорн (19-1-1, 13 КО) Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен тағы бір әлем чемпионы титулын алғым келеді. Кроуфордқа қарсы жекпе-жекке өзімнің белдігімді тігуден қорыққан жоқпын, дәл солай «Канело» немесе Головкинмен кездесуге де бірден келісер едім. Бокс – фанаттар үшін, ол қызық тамаша», - дейді Хорн.

Джефф Хорн екі жыл бұрын WBО тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы белдігі үшін өткен жекпе-жекте Мэнни Пакьяоны жеңген, бірақ былтыр Теренс Кроуфордтан жеңіліп, сол белдігінен айырылып қалған. Қазір оның орта салмақтағы WBO Oriental белдігі бар.

Соңғы жаңалықтар