Пакьяо үшін Головкин қауіпті қарсылас болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Dailymail.co.uk авторы Джордан Сьюард егер Геннадий Головкин Мэнни Пакьяомен жекпе- жекке шыққан жағдайда қандай қауіп төндіруі мүмкін екендігі жайлы болжамын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Осыдан сегіз жыл бұрын Пакьяо Головкин тәрізді аса күшті боксшы Хуан Мануэль Маркеспен айқаста нокаутпен жеңілген еді. Ол кезде Маркес қазақстандыққа қарағанда жеңілдеу, атап айтқанда салмағы 1,2 стоун (шамамен 7,62 кг) болатын.

Головкин орта салмақ тарихындағы ең күштілердің бірі, ол 40 рет жеңіске жетсе, оның 35-ін нокаутпен аяқтаған.

Оның соққылары аса қуатты әрі көздеген жеріне дәл тигізеді. Әрине, Пакьяо да ұзақ жылдар бойы ешкімді шақ келтірген жоқ. Бірақ бұл айқас филиппиндік үшін қауіпті тапсырма болуы ықтимал», деп жазады автор.



Соңғы жаңалықтар