P4P рейтингі: Головкин ТОП-3-тен шығып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Беделді BoxRec порталы (P4P) әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ауыр салмақтағы WBA, IBF, WBO және IBO чемпионы Александр Усик бесінші орыннан үшінші орынға көтерілсе, үш салмақ дәрежесінің жеңімпазы Теренс Кроуфорд екінші орынды еншіледі.

Ал орта салмақтағы IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкина екінші орыннан төртінші орынға сырғыды.

Еске салайық, қазақстандық боксшы WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы Риота Муратамен 29 желтоқсанда айқасуы керек еді, бірақ Жапониядағы ковид шектеулеріне байланысты жекпе-жек кейінге қалдырылды.

BoxRec бойынша P4P рейтингі:

1. Сауль Альварес

2. Теренс Кроуфорд

3. Александр Усик

4. Геннадий Головкин

5. Тайсон Фьюри

6. Энтони Джошуа

7. Майрис Бридис

8. Каллум Смит

9. Йорденим Угас

10. Джош Тейлор.



Соңғы жаңалықтар