Өзінің манифесінде Мемлекет басшысы әлемдік қауымдастыққа терең ой тастады - Г.Нәсімова

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - АҚШ астанасы Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі дүниежүзі елдерінің көшбасшыларына үлкен ой тастады. Осындай ойымен саяси ғылымдар докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Гүлнәр Нәсімова бөлісті.

«Өз манифесінде Мемлекет басшысы бірқатар концептуалды мәселені көтерді. Бұл мәселелер әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікті, глобалды шешімдерді, ХХІ ғасырдағы басты сын қатерлер мен қақтығыстарға қарсы тұру жолдарын көрсетеді», - деді сарапшы.

Оның ойынша,  қазіргі әлемдік ахуал тек экономикалық дағдарыс пен жоғары саяси шиеленістің салдарынан ғана ушығып тұрған жоқ. Көптеген халықаралық институттардың әрекеті мезгілден кеш көрініп жатыр.

Соның салдарынан соғыстар мен өзара қақтығыстар босқындардың көбеюіне әкелді. Еуропа қоғамында осы мәселеге байланысты неше түрлі жік пайда болды.

«Мемлекет басшысы айтқандай, «соғыстың тамырына балта шабу - адамзаттың ең күрделі өркениеттік міндеті. Бірақ мұның қандай да бір ақылға қонымды басқа баламасы жоқ. Бұл міндетті әлемдік көшбасшылар жаһандық күн тәртібіндегі өзге проблемалардың аясында абсолютті басымдық ретінде қарастыруға тиіс». Мен айтар едім, Елбасы ұсынған стратегия адамзат тағдырына төніп тұрған қауіпке қарсы барлық елді біріктіруге бағытталған. Жаһандық соғыстың алдын алу үшін жаңа қадам, жаңаша көзқарас керек. Соғыстың қиратқыш ғаламат күшіне қарсы тұру барлық елдің көшбасшыларының қабылдаған шешіміне тікелей байланысты. Осы орайда оның айтқан ұсынысы бүкіл әлемдегі елдердің көшбасшыларына үлкен ой тастады деген сенімдемін. Мемлекет басшысының жаһандық жиында мәселені халықаралық деңгейде қозғап, өткір де ұтымды ұсыныстар айтқанын әлемдік қоғамдастық лайықты бағалайды деп сеніммен айта аламын», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар