Өзін жемқорлыққа қарсы департамент қызметкерімін деп таныстырған алаяқ ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының тұрғыны өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерімін деп таныстырып, дизельдік отынды жеңілдікпен алмақшы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті алаяқтық жасаған ҚР азаматын ұстады. Ол жергілікті ЖШС біріне келіп, өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерімін деп таныстырады. Осы арқылы дизельдік отынды жеңілдікпен алмақшы болған.

"Іс жүзінде азамат Б. Қостанайдағы мемлекеттік мекемелердің бірінде жұмыс  істейді және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне ешқандай қатысы жоқ", - деді облыстық ведомство.

Ұсталған азаматқа қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол ҚР ҚК «Қылмысқа дайындалу және оқталу» және «Ұсақ-түйек жымқыру» баптары бойынша айыпталуда. Қостанай облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлерді мұқият болуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар