Өзін жайсыз сезінген ақтөбелік «Батырлар алаңындағы» ескерткіш белгіге соғылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде өзін жайсыз сезінген азамат рульге ие бола алмай қалды. Салдарынан ескерткіш белгіге соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының Әлия Молдағұлова даңғылы мен Ағайынды Жұбановтар көшесінде жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«Жол талғамайтын көлік руліндегі ересек адамның кенеттен қан қысымы көтеріліп кеткен. Салдарынан бір көлікті түйіп, бағытын өзгерткен. Сөйтіп «Батырлар алаңындағы« ескерткіш белгіге соқтығысты. Адамдар дін аман, ескерткіш те бүлінбеді»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде мас күйінде рульге отырып, жол ережесін бұзған жүргізуші әйел ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Toyota RAV4 маркалы автокөлігінің жүргізушісін тексеру кезінде әйелдің мас күйінде рульге отырғаны, бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.


Соңғы жаңалықтар