Өзін полиция қызметкері деп таныстырған азамат алматылықтарды тонады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бұрын сотталған Тараздың 20 жастағы тұрғыны Алматыда өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, өтіп бара жатқан адамдарды тонаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ш» есімді азамат бұрын тонаушылық жасағаны үшін сотталған. Бұл жолы қылмыс әдісі біршама өзгерген. Енді ол өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жолаушыларды тонаған. Ол ұсталды. Одан полиция формасы тәркіленді, киімді базардан сатып алған. «Ш» есімді азаматтың әрекеті ҚР ҚК 191-бабының 3-тармағы бойынша бағаланды. Күдікті Алматы аумағында және Алматы облысының шекаралас аудандарында жасалған басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.

Қазіргі уақытта күдіктінің жасаған бес қылмыстық оқиғасы анықталды.


Соңғы жаңалықтар