Өзін полицей ретінде таныстырып, жұртты тонаған алматылық ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық жігіт өзін тәртіп сақшысымын деп таныстырып, жұртты тонаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 21 жастағы У. есімді азаматтың іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сараланған.

«Жалға алынған көлікке мінген жас жігіт көшеде жасөспірімдерді тоқтатып, заттарын көрсетуді талап етіп, түрлі сылтаулармен ұялы телефон, ақша және басқа да бағалы заттарды алып алған. Тағы бір жағдайда күдікті шағын дүкендерге барып, азық-түлік алып, келесі күні ақшаны әкелуге уәде берген. Жас жігіт бір тәулікке пәтер жалдап, кейін сол пәтерді тонап кеткен», – дейді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.
Бүгінгі күні оның жеті алаяқтық, екі тонау және бір пәтер ұрлығына қатысы бар екені дәлелденді.
Жас жігіт бұл қылмыстарын мойындады.
«Ұсталған азаматтың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу барысында оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды»,- дейді полиция өкілі.



Соңғы жаңалықтар