Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерді тіркеу қалай жүргізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды заңдастыру жолдары туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде тіркеуді жеңіл және ыңғайлы ету үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, электронды үкімет порталы, xалыққа қызмет көрсету орталықтары мен колл-орталықтар арқылы жұмысты рәсімдеу қызметтері енгізілді. Ал әрбір өңірде тікелей желі ашылды. Ол арқылы еңбек шартын рәсімдемеу, жұмысқа мәжбүрлеу, жалақыны конвертпен беру және тағы басқа фактілер жайында xабарлауға болады.

«Бұрын азаматтардың мәртебесін нақтылау кезінде үй-үйді аралап, бәрін қолмен тіркеп, ақпараттық жүйеге енгізсек, қазіргі уақытта бұның барлығын egov.kz, халыққа қызмет көрсету орталықтары, 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы автоматты түрде жасауға мүмкіндік бар», - деді М.Әбілқасымова Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде қосымша әдіс-тәсілдерді енгізу шаралары атқарылып келеді.

«Ол жұмыс «Күнделік» ақпараттық жүйесі, медициналық мекемелер шеңберінде іске қосылады. Аталған мекемелердің қызметкерлері жеке сәйкестендіру нөмірлері арқылы адамның нақты әлеуметтік мәртебесіз жүргенін xабарлайды. Сол кезде оны рәсімдейді немесе egov.kz электрондық үкімет порталына жібереді», - деп атап көрсетті М.Әбілқасымова.

Айта кетейік, бүгін министр Әбілқасымова өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерді заңдастыру бойынша есеп берді. Оның айтуынша, жылдың басында 2,7 миллион адамның нақты әлеуметтік мәртебесі болмаған.

«Бүгінде 1 миллион 385 мың адамның мәртебесі нақтыланды. Олардың ішінде 548 мың жұмыскер еңбек шартын жасап, міндетті зейнетақы жарналары түсе бастады. 13 мың кәсіпкер өз қызметін ресми түрде тіркеді. 22 мыңнан астам адам азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер, үй жұмыскері және шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер ретінде анықталды. 17 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркелді. 84 мың адам әлеуметтік төлемдерді, ал 19 мың адам атаулы әлеуметтік көмекті алушы ретінде тіркелді. 29 мың әйел жүктілікке байланысты есепке қойылды. 8,7 мың адам үш жасқа дейінгі баласына күтім жасап отыр», - деді М.Әбілқасымова Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бұдан бөлек, 642,5 мың адам үй шаруасындағы әйелдер, студенттер, тыс жерлерге кеткен адамдар 18 жастан асқан мектеп оқушылары ретінде және басқа санаттар бойынша нақтыланды. Сондай-ақ дерекқорларда қайталанатын жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН), мерзімі өтіп кеткен құжаттар анықталып жаңартылды.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендердің нақты санаттары енгізілді.

Соңғы жаңалықтар