Өзін банкрот деп тануға 1200-ге жуық атыраулық өтініш берді

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында соттан тыс банкрот деп тануға 1199 өтініш берілген. Оның ішінде 35 тұрғынның өтініші мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өтінішті eGov.kz порталы мен eGov Mobile, Salyq Azamat қосымшаларында, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығында қағаз түрінде беруге болады.

«Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру үшін бір жыл ішінде банктер, микроқаржылық ұйымдар мен коллекторлық агенттіктер алдында 1 600 айлық есептік көрсеткіштен (5,52 млн теңге) аспайтын төленбеген борыш, не бес жылдан асқан берешек болуы тиіс. Сондай-ақ азаматтың мүлкі, оның ішінде ортақ меншігі болмауы, 7 жыл ішінде сот немесе соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылмауы керек.

Атырау облысында 5 сәуірге дейін соттан тыс банкроттыққа 1 199 өтініш берілді. Оның ішінде 376 өтініштен бас тартылды. Ал 35 өтініш мақұлданды. Қазір 788 өтініш қаралып жатыр», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Атырау қаласында 214 адамның өтінішінен бас тартылған. Жылыой ауданында – 45, Құрманғазыда – 38, Индерде – 25, Исатайда – 17, Мақатта – 14, Қызылқоғада – 14, ал Махамбет ауданында 9 адамның өтініші мақұлданбаған.

Бұдан бұрынАтырау облысында 363 адам өзін банкрот деп жариялауды сұрап. өтініш бергенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар