+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Өзіміздің Грета Тунбергті тапқымыз келеді - «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасы жас дарындыларды іздейді

2019 жылғы 16 қазан 18:34
Бөлісіңіз:
Өзіміздің Грета Тунбергті тапқымыз келеді - «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасы жас дарындыларды іздейді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның 100 жаңа есімін іздеу бойынша бастамашы топтың өкілі, Media Talks ұйымдастырушысы Махаббат Есен Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«100 жаңа есім» жобасының жаңа талаптары қандай Асан Жолдасов: Ұстаздар қоғамдастығы үшін үлкен жауапкершілікті сезініп отырмын

Махаббат Есен, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы елімізде үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Мен мұнда біздің болашақ дарынды жастарымызбен кездесуге келдім. Бұл кездейсоқ кездесу емес. Себебі, жобаның былтырғы жеңімпаздарының бірі Иван Крепак дәл осы мектепте оқыған. Жастардың ынтасы мен ықыласы жоғары. Бұл құптарлық жайт. Жаһандық әлемде және өз елі үшін бірдеңе істеу деген өте жақсы. Осындай дарынды балалармен ой бөлісіп, жақынырақ танысқым келеді. Оларға «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы туралы шынайы ақпаратты жеткізгім келеді», - деді Махаббат Есен.

Кездесу барысында тележүргізуші өз тәжірибесімен бөлісті, көпшілік алдында өзін қалай ұстау керектігін айтып, белсенді оқушыларды «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуға шақырды.

«Биыл бұл жоба өзінің алдына жаңа мақсаттар қойды. Ол күнделікті еңбектену арқылы жаңа идеялар, жобалар, таңғаларлық жаңа дүниелерді ойлап тапқан дарынды жастарды іздейді. Біз университеттерге, мектептерге баруға тырысамыз. Біз осы заманның ерекше тұлғасын тапқымыз келеді», -дейді ол.

Оның айтуынша, жобада жас ерекшеліктеріне шектеу жоқ. Барлығы еңбегі мен таланты бойынша бағаланады. Сондай-ақ, Тәуелсіздік алған жылдары дүниеге келген жастарға ерекше назар аударылады.

«Биыл біз экологияға мән беретін белсенді тапқымыз келеді. Себебі, бұл әлемдік проблема. Мен Грета Тунберг сияқты үлкендердің назарын үлкен мәселеге аударта алатын жасты іздеймін. Сондай-ақ, жас ер мұғалімдерді тапқым келеді, бұл да маңызды. Егер педагогикалық мамандық бойынша ер адамдар болса, онда бұл бәсекеге қабілетті мамандық, олар онда аз жалақы төлемейді. Бұл тәрбиелі ұрпақ өсіруге де өз септігін тигізер еді», - деп қосты ол.

Сонымен қатар, ол 100 адамнан тұратын бюро командасы шалғай аймақтарға арнайы жіберілген ауыл көшбасшыларын іздестіріп жатқанын айтты.

Жобаға қатысу үшін үміткер жобаның веб-сайтына өтініш қалдырады. Қабылдаулар қазан айының соңына дейін жалғасады. Дауыс беру бір ай ішінде өтеді. Нәтижелер 1 желтоқсанда жарияланады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT