+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Өзіміз өсірген бидайдың пайдасын көре алмай отырмыз – Мәжіліс депутаты

2021 жылғы 16 маусым 13:56
Бөлісіңіз:
Өзіміз өсірген бидайдың пайдасын көре алмай отырмыз – Мәжіліс депутаты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Айбек Паяев астық экспортына байланысты Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Сауда министрлеріне сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев «KazRost Engineering Ltd.» компаниясына барды Ұлттық банк экономиканы қайта қалпына келтірудегі басты қауіп-қатерді атады Ақылжан Баймағамбетовпен сұхбат: Базалық мөлшерлемені көтеру инфляцияға қарсы қисынды жауап болды

«Еліміздің ауылшаруашылық өнімдерінің көп бөлігі экспортқа бағытталған. Солардың бірі - қазақстандық ұн. Біздің ұн - әлемде беделі бар, сапасына сұранысы көп, жақсы бренд. Ұн экспорты бойынша әлемде бірінші орында көш бастап келген Қазақстан, қазірде Түркиядан кейінгі екінші орында. Бүкіл халқымыз тұтынатын қазақстандық ұн Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Түрікменстанға, Қытайға және басқа да елдерге экспортталады. Қазіргі кезде қазақстандық ұнның негізгі импортері - Орталық Азия елдері. Бізден астықты сатып алып, оны өз диірмендерінде өндіргілері келеді. Өзбекстан ұн тарту саласын дамытып, диірменді кәсіпорындар салды. Қазақстаннан баратын бидайға қосымша құн салығын алып тастады. Ал ұнға, керісінше, баж салығын қосты. Өздерінің ұн тасымалдаушыларына теміржол тасымалының ставкасын жеңілдетті (өздеріне 20$, бізге 54$). Бидайымыздан ұн шығарып, онымен тек ішкі нарығын қамтып қоймай, біздің ұнымызды сатып алатын Ауғанстанның да нарығын ұнмен қамтамасыз етуге көшті», - деді А. Паяев.

Оның пайымынша, Қазақстанның ұн өндіру саласы мемлекеттік қолдау мен дамытуды қажет етеді. 2000-жылдары 2300 ұн өндіретін компания болса, содан қалған 300-ге жуық диірмендердің 50% банкротқа ұшырап, тоқтап қалған, жұмыс орындары қысқарып, жабылып жатыр.

«Астық тасымалдаушы теміржол операторларының тасымал жүйесін үздіксіз қамтамасыз ете алмауы себебінен, тасымал тарифтерін негізсіз көтеру салдарынан еліміздегі барлық диірмен кәсіпкерлері зардап шегіп, бизнестер құрдымға кетіп жатыр. Мысалы, қазақстандық ұнның 50% өндіріп отырған Шымкент қаласы мен Түркістан облысының диірменді кәсіпорындары жыл сайын келісімшарт бойынша астықты солтүстік өңірлерден жеткізе алмай қиналады. Бұл жағдайға себепкер - астықты темір жолмен тасымалдаушы «АстықТранс» АҚ компаниясы. Өзіміз бидай өсіріп отырып, астық тапшылығын көрудеміз. Трейдерлер күзде диқандардан бидайды сатып алып, шетелдерге сатып жатыр. Ал, ұн тартатын диірмендер шикізатқа зәру болып отыр. Бұл жағдай да өндірістің құлдырауына әкеледі», - деді депутат.

«Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Үкімет Қазақстанның ұн тартушы диірмен кәсіпорындарын дамыту мақсатында осы жүйенің тиімділігін және сапасын арттыратын қандай кешенді шаралар жүргізіп отыр? Мемлекет тарапынан пайыздық мөлшерлемесі аз несие беру, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді (энергия, су, газ) төмен бағамен беру мәселесі қалай шешілуде?», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT