Өзім де Pfizer вакцинасын салдырар едім – Жандарбек Бекшин

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында «12-18 жас аралығындағы жақындарыңызға Pfizer вакцинасын салдырасыз ба?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.

«Әрине, салдырамын. Өзім де салдырар едім. Менің әріптестерім балаларын емханаға сенбі-жексенбі күндері алып барды. Үміткерлердің саны күн сайын көбейіп жатыр. Вакцинаны бүкіл әлем пайдалануда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тексерісінен өткен. Сондықтан ешқандай қорқыныш жоқ. Менің балаларым ол жастан өтіп кеткен, немерелерім әлі 12 жасқа толған жоқ. Үлкен немерем 9 жаста, кейде оған да салдыру керек деп ойланып қаламын. Бірақ оның жасы әлі 12-ге толмады», – деді Алматы қаласының бас санитар дәрігері.

Айта кетейік, Алматылық жасөспірімдерге Pfizer вакцинасын салу 12 қарашада басталды.

Жандарбек Бекшин ата-аналар қаласа, баласына екпе жасаған кезде қасында бола алатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар