Өзі тайып жығылған көкшетаулық біреу ұрды деп полицияға арызданған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Біреулер шабуыл жасады деп полицияға арызданған көкшетаулықтың өзі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Ақмола облысының ІІД баспасөз хатшысы Гүлнəр Пинчук БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мəслихатында мәлімдеді.

Гүлнəр Пинчуктің айтуынша, қазанның 29-ы күні Көкшетау қаласының тұрғыны Марат Жанұзақовтан арыз түскен. Арызданушы таңғы сағат 09:00 шамасында Буденный көшесі 76, яғни, «РТИ» дүкенінің маңында белгісіз біреу басынан ұрғаннан құлап, есінен танып қалғанын айтқан.

«Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалды.  Тергеу амалдары барысында күдіктелерден түсініктеме алынып, сол маңда орналасқан нысандар мен Көкшетау қалалық ІІБ ЖБО бейнебақылау камерларының жазбалары тексерілді.

Жүргізілген шаралардың нəтижесінде осы күні арызданушы М.Жанұзақовқа шабуыл жасалғаны анықталмады», - деп түсіндірді Г.Пинчук.

Бейне жазбада көрсетілгендей, арызданушы қарлы мұздан аяғы тайып, бетімен жерге құлаған. Оған оған қасынан өтіп бара жатөан куəгерлердің көмекке келгені де көрсетілген.

«Медициналық сараптама көрсеткендей  М.Жанұзақовтың қанынан 0,46 промилле алкоголь анықталды. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты бірқатар соттық-медициналық сараптама тағайындалды. Жүргізілген сараптаманың нәтижесіне сай процеессуалдық шешім шығарылатын болады. Егер ақпарат расталмаса, онда арызданушының өзі жалған мəліметі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады», - деді  Г.Пинчук.

Соңғы жаңалықтар