Өзі негізін қалаған елордаға Елбасының есімі берілуі керек - Шериаздан Елеукенов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шериаздан Елеукенов Астана атауының ауысуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында Астана уақытымен сағат 19:00-де республикалық телеарналар арқылы мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттеріне ғана тән Қазақстан халқына үндеуін жариялады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдадым деген сәтте, миллиондаған көрерменнің сілтідей тынғаны рас. Қазақстанның ата-бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздігін алған кезеңнен бастап 30 жылға жуық еліміздің ішкі-сыртқы саясатында асқан көрегенділік, даналық танытып келген Елбасы бұл жолы да тарихи шешім қабылдаған болатын. Соның негізінде еліміздің Президенті лауазымына Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тағайындалып, ант қабылдап, ресми түрде қызметке кіріскен сәтіне бүкіл халық куә болдық», - дейді ғалым Шериаздан Елеукенов.

Сол күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Астана атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту туралы бастама көтерді. Профессордың сөзінше, ол бұл ойға қарсы болмаған.

«Өйткені, өзі негізін қалаған елорданың бүгінгі келбеті, бүгінгі жетістіктері мен мемлекетіміздің әлемнің алпауыт елдерімен тереземіз тең болуы үшін қажыр-қайратын, күш-жігерін аямаған ұлт көшбасшысы еңбегінің ұшан-теңіз екені баршамызға мәлім. Қазақ еліне Мәңгілік ел идеясын ұсынған да Нұрсұлтан Әбішұлы болатын. Жоғарыда айтқанымдай, өзі негізін қалаған елордаға Елбасының есімін беру идеясын қолдаймын», - деп атап өтті филология ғылымдарының докторы, профессор.

Соңғы жаңалықтар