+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Өзге ұлт жастары Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды

2019 жылғы 14 желтоқсан 19:38
Бөлісіңіз:
Өзге ұлт жастары Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университетінде «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» атты іс-шара өтті. Аталған жиын еліміздің Тәуелсіздік мерекесі мен қазақтың бас ақыны Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында Абайдың 175 жылдығына орай мыңнан астам шара өтеді ШҚО-да Абай атындағы саябақ салынбақ Өскеменде Абайдың 175 жылдығына орай 100-ге жуық шара өтеді

Салтанатты шарада университетте білім алатын өзбек ұлтының студенттері ұлы Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, сахналық қойылымдар ұсынды. Биыл Қазақстанның Өзбекстандағы жылы қорытындылануына сәйкес екі елдің әндерін шырқап, өз өнерлерін паш етті. Университет ректорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрбол Әбсеметов шараға жиналған жастар мен қонақтарды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. «Осындай елдік мерекенің маңызы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы татулықтан-ақ көрініс табары сөзсіз. Екі ел Мемлекет басшыларының арасындағы түрлі меморандумның нәтижесінде биылдың өзінде Шымкент қаласына 10 мыңға жуық студент оқуға келді. Соның біршамасы біздің оқу орнында білім алуда. Олар сабақтан тыс уақытта университетіміздің жанынан ашылған «Тіл үйрету орталығында» қазақ тілі курсын оқиды», - деді Нұрбол Әбсеметов. Аталмыш университеттің «Тіл үйрету орталығының» меңгерушісі Ерлан Құдайбергенов болса өзбек студенттері қазақ тілі курсында оқығанына небәрі үш айдың жүзі болғанымен, сахнада көрсеткен өнері мен мәнерлеп оқыған өлеңіне қарап жоғарғы баға беруге болатынын айтып өтті. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT