Өзге елге қоныс аударушылар құжаттарын миграциялық ХҚО-да рәсімдей алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзге елге тұрақты тұруға кетіп бара жатқандар құжаттарын миграциялық ХҚО арқылы рәсімдей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, еңбек мигранттарына арналған көші-қон орталықтарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны артты. Бұдан бұрын аталмыш орталықта шетелдіктер жұмыс істеуге рұқсат алып, ҚР аумағына уақытша келетіндерге жеке сәйкестендіру нөмірі ғана берілетін.

«Елімізде 12 көші-қон орталығы жұмыс істейді. Бүгін тағы бір орталықты Қызылорда қаласында ашып отырмыз. Қазақстанға келетін еңбек мигранттары көп, бірақ барлығы бірдей қызметін заңдастыра бермейді. Бірнеше мемлекеттік органның арасындағы сергелдеңнен соң олар құжаттарын реттеуге асықпайды. Көші-қон орталығы көлеңкеде жүрген еңбек мигранттарының заңды түрде тіркелуіне ықпал етеді. Осы ретте көші-қон ХҚО-сы арқылы көрсетілетін қызметтер саны көбейетін болды», - деп атап өтті мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.
null

2019 жылғы ақпан айының соңына дейін көші-қон орталықтары келесі қызметтерді көрсетеді:

- ҚР аумағына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды тіркеу;

- ҚР тысқары аймағына тұрақты тұруға шығатындардың құжаттарын рәсімдеу;

- ҚР визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу.

Бүгінде ІІМ-мен бірлесіп ашылған миграциялық ХҚО-да еңбек мигранттары қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады. Бұл жерде медициналық тексеріс пен дактилоскопиядан өтіп, сақтандыру полисін де қоса рәсімдеуге болады. Бұрын мигранттар еңбек етуге берілетін рұқсат құжаттарын алу және оның мерзімін ұзарту үшін 6 мемлекеттік мекемеге барып, 3-5 күнін жұмсайтын. Қазір қажетті құжаттарды көші-қон орталығы арқылы бір сағаттың ішінде рәсімдеуге болады.

Соңғы жаңалықтар