USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Өзенге кәріз суын ағызған алматылыққа айыппұл салынды

2021 жылғы 6 қыркүйек 19:52
Бөлісіңіз:
Өзенге кәріз суын ағызған алматылыққа айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Өзен арнасына кәріз суын ағызған алматылыққа айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қар тазалау жұмыстары басталды Алматыда интернет-дүкенді тонаған үш жігіт ұсталды Алматыда қару-жарақ дүкендерін тонаған қылмыскер  ұсталды

Құқық бұзушы Жарбұлақ (Казачка) өзеніне сарқын суды заңсыз ағызуды анықтау үшін өткізілген рейд кезінде ұсталды.

«Жергілікті тұрғын А. есімді тұрғын сырттағы дәретхананың кәріз суын осы өзенге ағызды. Бұл әрекеті үшін ол ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Оның айтуынша, рейдтің мақсаты - Жарбұлақ өзенінің ластану көздерін анықтау және құқық бұзушылықтар анықталған кезде, оларды жою болып табылады.

Айта кетейік, бұл іс-шара Алматы қаласы Экология департаменті, Медеу аудандық экологиялық полициясы, Медеу ауданы әкімінің аппараты, «Қазгидромет» РМК, Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Балқаш-Алакөл бассейндік су қорын реттеу мен қорғау инспекциясы және Алматыдағы азаматтық қоғам өкілдері бірлесіп өткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT