+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды - Павлодар облысы

2021 жылғы 29 шілде 05:20
Бөлісіңіз:
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жарақаты салдарынан моторлы қайықты жүргізе алмай қалған ер адамды өзен ағысы алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында жанармай тасымалдайтын көлік өртенді Таразда мұнаралы кранға шығып, секірмек болған әйел құтқарылды Алматадағы атыс: Қаза тапқан полицейлердің отбасына үй беріледі

112 басқару пультіне Ақсу қаласындағы «Нефтебаза» аумағында кішкентай қайыққа мінген ер адамның қиын жағдайға тап болғаны туралы хабар келіп түскен.

Павлодар облыстық төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, қайықтағы ер адамды құтаруға 6 адам келген. Олар 1981 жылы туған ер адамды құтқарып қалды. Жарақат алған тұрғынның қайықты басқаруға шамасы келмеген. Салдарынан Ертіс өзені су көлігін ағыс бойымен алып кеткен.

Осы ретте мамандар өңір тұрғындарын қайықтарды пайдалану кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

- Қайықты немесе өзге де шағын су көлігіне шамадан тыс жүк артпаған дұрыс. Қайықты құтқару жабдықтарынсыз, сондай-ақ мас күйде басқаруға тыйым салынады. 7 жастан аспаған балаларды алып жүрмеу керек, - дейді департаментте.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT