Өзбекстанның ТЖМ тұрғындарға аязға байланысты Қазақстанға сапарламауға кеңес берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасы ТЖМ дағдарысты жағдайды басқару орталығы тұрғындарға ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанға уақытша сапарламауға кеңес берді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Өзбекстан Республикасы ТЖМ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстанда қатты аязды күндер күтіледі.  Осыған байланысты Өзбекстан азаматтарынан Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық бөлігіне жолаушылар автобусымен және жеке көліктермен сапарлауды уақытша тоқтата тұруды сұраймыз», - делінген Өзбекстан ТЖМ таратқан хабарламада.

Қазгидромет таратқан мәліметтерге қарағанда, 22 қаңтардан бастап, әсіресе 23-26 қаңтар аралығында ауа-райы күрт суытып, ауа температурасы -35 - 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. 

Еске салсақ, 22 қаңтарда Ақтөбенің Ырғыз ауданында Өзбекстан азаматтары мінген автобус істен шықты. Олар Ресейдің Уфа қаласына бара жатқан екен. 

Сондай-ақ, 18 қаңтар күні таңертең Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болып, жолаушыларға толы автобус жанып кетті.  Өрт кезінде 52 адам қаза болып, 5 адамды күйік шалды. Қазір күйік шалып, газға уланғандар Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдап жатыр. Олардың үшеуі Қазақстан, екеуі Өзбекстан азаматы.  

Соңғы жаңалықтар