Өзбекстанның Науауи облысының мектептеріне қазақ тіліндегі кітаптар сыйға берілді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан тәуелсіздігі күнін мерекелеуге байланысты, Науауи облысының жекелеген аудандарында білім беру мекемелерінің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігі мен Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығы сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Білім беру мекемесінің ашылу салтанатында ҚР Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев Өзбекстанда жастардың заманға сай білім алып, шет тілдерін меңгерулеріне барлық жағдай жасалып, үнемі көңіл бөлінетіндігі оң нәтиже  беріп келе жатқандығын айтып өтті.

Науауи облысында өзбек және қазақ ұлттарының өкілдері Өзбекстанның дамуы жолында бірлесе еңбек етіп, бейбітшілік және келісім жағдайында өмір сүріп жатыр. Қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасының Үшқұдық ауданы Жүзқұдық ауылындағы №2 жаңа мектебі қажетті қазақ тілді және басқа тілдердегі оқулықтар және әдебиеттермен қамтамасыз етілген. Компьютерлік сыныпта оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануына барлық жағдай жасалған. Мектеп кабинеттері жаңа заман талаптарына сай жаблықталған. Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігі және Өзбекстандағы қазақ  ұлттық мәдени орталығы жаңа мектепке қажетті оқу құралдарын, планшеттер мен қазақ тіліндегі 300 кітапты сыйға тартты. 

Соңғы жаңалықтар