Өзбекстанның мемлекеттік қызметшілері Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабын оқиды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабы өзбек тілінде жарық көрді. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бүгін оның бір данасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Ташкенттен.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бізге деген зор құрметпен өзіңіздің «Ғасырлар тоғысында» деп аталатын кітабыңызды сыйға тартпақпын. Бұл кітап кеше ғана өзбек тілінде жарық көрді», - деді Өзбекстан президенті Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен  шағын және кеңейтілген құрамдағы келісөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында.

Сонымен қатар Шавкат Мирзиеев  бұл кітап Өзбекстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларына дәріс ретінде оқытылатындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар