Өзбекстанның 88 пайыз халқы президенттік сайлауда таңдау жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге қатысқандар электораттың 88 пайызын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзбекстанда ел президенті лауазымына сайлау аяқталды. Дауыс беру жексенбі, 4 желтоқсан күні сағат 06.00-де басталып, 20.00-де аяқталды. Түс ауа Орталық сайлау комиссиясы сайлауды өтті деп таныды, себебі келушілердің саны қажетті 33 пайыздан асып жығылды.

ОСК-ның мәліметінше, сайлауда 17 млн. 941 мың 955 адам дауыс берді, бұл электораттың 87,83 пайызы. Бұл туралы 4 желтоқсан күні  қорытынды брифингте ОСК төрағасы  Мирза-Улугбек Абдусаломов айтты.

Дауыс беру ел ішіндегі - 9383  және шет елдердегі 44 сайлау учаскесінде өтті. ОС К төрағасы дауыс берудің нәтижесі бойынша болашақ президент туралы алдын ала мәліметтерді атамай, алғашқы нәтижелер 5 желтоқсан күні түстен кейін айтылатынын жеткізді.

Бұған дейін хабарланғандай, сайлауға төрт үміткер қатысуда - президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы атынан түсуде,  Хатамжон Кетмонов Халық -демократиялық партиясынан, Нариман Омаров социал-демократтардан және парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Сарвар Отамуратов демократиялық партиядан сайлауға қатысуда.

Соңғы жаңалықтар