Өзбекстанның 50 атақты аспазы мега-палау пісірді

Автор:  
Жәнібек Амангелді

Өзбекстанның 50 атақты аспазы мега-палау пісірді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - «O'zbegim» дәстүрлі мәдениет фестивалі аясында 8 тонна палау пісіру жоспарланған. Ұйымдастырушылар 8 қыркүйекте өтетін маңызды шараға дайындық барысын, яғни салмағы 8 тонна палауды әзірлеу кезінде түсірілген видео мен суреттерді жария етті.

photoПалау диаметрі 4,2 метр және сыйымдылығы 8 мың литрлік қазанда пісірілді. Оны осы шараға арнап Алмалық тау-металлургиялық комбинаты құйды. Қазанның жалпы салмағы 7 070 келі, тереңдігі - 1 метр. Қазан қойылатын ошақтың өзінің салмағы 3 тонна.

photoАталмыш асты пісіру үшін 826 келі сиыр еті, 825,5 келі қой еті, 195 келі қойдың майы мен 1 650 келі күріш пайдаланылған. Сонымен қатар, қазанға 2 400 келі сәбіз, 185 келі пияз, 350 литр өсімдік майы мен 48 келі тұз салынған. Ал астың дәмін келтіру үшін 4,5 келі зире (тмин), 165 келі сиырқарақат (барбарис), 90 келі бұршақ пен 3 келі қара бұрыш қосылды.photo

Осы палауды әзірлеуге Өзбекстанның түкпір түкпірінен 50 атақты аспаз жиналды. Күрішті күйдіріп алмас үшін олар ұзындығы 2 метрлік ожаумен араластырып отырған.

photo

photophoto




Серіктестер жаңалықтары