Өзбекстанның 5 әуежайына Tax Free жүйесі енгізілді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның бес әуежайында Tax Free жұмыс істей бастады. Онда шетелдік азаматтар сатып алған тауар үшін ҚҚС (қосылған құн салығы) сомасын қайтара алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Uzbekistan Airports баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қаңтарда Ташкент, Самарқанд, Бұхара, Ферғана мен Ургенч әуежайларында Tax Free бағанының ресми ашылуы өтті.
Tax Free жүйесіне сәйкес, шетелдік азаматтар Өзбекстанда бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлерден жеке тауар түрлерін сатып алғанда ұсталынатын ҚҚС сомасы шетел азаматтарына қайтарып беріледі. Кэшбек қолданылатын тауар тізімі Министрлер кабинетінің 2022 жылғы 8 қарашадағы қаулысында көрсетілген. Олар кәдесыйлар, жаңғақ түрлері, жеміс-жидектер мен кептірілшен жемістер, тері мен жүн өнімдері, кілемдер, текстиль мен басқа да заттар.
ҚҚС қайтару үшін Soliq ұялы қосымшасына тіркеліп, сатып алған тауардың чегін енгізу қажет. Ұшар алдында жолаушы әуежайда рейске тіркеуден өтіп, Tax Free бағанына бару қажет. Кейін тауар мен отырғызу талонын көрсетеді. Тіркелген тауарды қол жүгімен алып жүруге немесе тіркеу бағанына барып, жүкке өткізу қажет.
Tax Free жүйесіне сәйкес келетін тауардың жалпы сомасы 1 млн сумнан аз болмауы тиіс. Сондай-ақ тауар ашылмаған және қолданылмаған болуы шарт. Салық комитетінің қызметкерлері тауарды тексеоіп, кэшбек рәсімдейді. Кэшбек жолаушының картасына рәсімделіп, кейінгі айдың 25-інен кейін төленеді.


Соңғы жаңалықтар