Өзбекстаннан Қазақстанға қандай тауарлар көп экспортталады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылдың 8 айында Өзбекстан Қазақстанға жалпы көлемі 763,9 мың доллар болатын жиһаз өнімдерін экспорттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан Республикасының мемлекеттік статистика комитетінің сайтына сілтеме жасап.

«2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі деректер бойынша, Өзбекстанның шет елдерге экспорттаған жиһаз өнімдерінің жалпы сомасы 2 млн долларды құрады. Бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 841 мың долларға көп. Соңғы сегіз айда экспортталған жиһаз өнімдерінң ең көп үлесі Қазақстанға (763,9 мың доллар), Қырғызстанға (619,3 мың доллар), Тәжікстанға (294,2 мың доллар) және Ресейге (146,6 мың доллар) тиесілі», - деп мәлімдеді Өзбекстан Республикасының мемлекеттік статистика комитеті.

Сондай-ақ, 8 ай қорытындысы бойынша Өзбекстаннан Қазақстанға экспортталған шыны ыдыстар мен шыны бұйымдардың жалпы сомасы 7,4 млн долларды құраған.

«2020 жылы Өзбекстан 14 мемлекетке 11,6 млн доллардың шыны ыдыстары мен шыны бұйымдарын экспорттады. Оның басым бөлігі Қазақстан (7,4 млн доллар), Түрікменстан (1,9 млн доллар), Тәжікстан (976,5 мың доллар), Қырғызстан (589,7 мың доллар), Грузия (435,4 мың доллар) және Ресей Федерациясы (204,1 мың доллар) үлесіне келді», - деп жазды Өзбекстан Республикасының мемлекеттік статистика комитеті.

Бұдан өзге, 8 ай ішінде Қазақстан Өзбекстанға 47,7 млн литр бензин экспорттаған.

«2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәліметтер бойынша, Өзбекстан шет елдерден 90,1 млн литр бензин импорттады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 87 млн литрге артық. Өзбекстан жанар-жағармайды ең көп көлемде Қазақстаннан (47,7 млн литр), Ресейден (36,5 млн литр), Түрікменстаннан (5,6 млн литр) және Қырғызстаннан (232,1 мың литр) сатып алды», - деп мәлім етті Өзбекстанның мемлекеттік статистика комитеті.

Автор: Әлихан Асқарұлы


Соңғы жаңалықтар