Валюта бағамдары:
    usd/kzt 462.36 eur/kzt 493.48

    rub/kzt 5.99 cny/kzt 67.14
Ауа райы:
Астана+3+5℃
  Jańalyqtar  >

Өзбекстанға жеткізілуі тиіс 22 көлік Маңғыстауда сатылып кеткен

2023 жылғы 25 қаңтар, 19:59

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Грузия мемлекетінен Қазақстан арқылы Өзбекстан еліне жеткізілуі тиіс 22 көлік Маңғыстауда сатылып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалған транзит ұйымдастырылып, 3 автотасымалдағышқа тиелген 22 көлік діттеген жеріне жетпеген. Көліктер Құрық порты арқылы өтіп, ел аумағында сатылып кеткен. Салдарынан мемлекетке алдын ала есеп бойынша 98 млн теңге шығын келтірілді. Қазір көліктердің қайда және кімге сатылғаны анықталып жатыр.

«Арнайы базаға жалған деректер енгізіліп, аталған автокөліктер Өзбекстан Республикасына өтіп кеткені туралы деректер енгізілген. Алайда, тергеу амалдарын және жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында аталған автокөліктер Өзбекстан Республикасына өтпей, Қазақстан Республикасы аумағында сатылып кеткендігі анықталды. Қазіргі таңда біз осы қылмысты ұйымдастырған тұлғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз», - деді Маңғыстау облыстық экономикалық тергеу департаменті тергеу басқамасының аға тергеушісі Әлібек Дүзелбаев.


Автор:

Индира Сатенбай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары