Өзбекстанға баратын туристерге коронавирусқа қатысты барлық шектеу алынады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстанға келетін туристер үшін 10 маусымнан бастап коронавирусқа қатысты барлық шектеулер алынып тасталады. Бұл туралы осы елдің Туризм және мәдени мұра министрлігінің (Туризм министрлігі) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

Бұл туралы шешімді Туризм және мәдени мұра министрлігінің, Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық қызметінің ұсынымдарын ескере отырып, елдегі эпидемиологиялық жағдай негізінде Республиканың арнайы комиссиясы қабылдады.

«Осыған байланысты шетелдік туристерден коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесін, антигендерге жедел тест және вакцинация туралы сертификат немесе төлқұжат беруді талап ететін ережелер алынып тасталады», - деп атап өтті ведомстводан.



Соңғы жаңалықтар