+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Өзбекстандықтарға Кеден одағы елдеріне насыбай алып бармау ескертілді

2017 жылғы 1 ақпан 10:39
Бөлісіңіз:
Өзбекстандықтарға Кеден одағы елдеріне насыбай алып бармау ескертілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан мемлекеттік кеден комитеті Кеден одағына мүше елдердің (Беларусь, Қазақстан, Ресей) насыбайға тыйым салынғанын азаматтардың есіне салды, деп хабарлайды gazeta.uz.

Темекі мен өзге қоспалардан тұратын насыбай Өзбекстан мен оған көршілес елдерде кеңінен тараған. Кеден одағы елдеріне насыбайды алып кіруге, айналымға жіберуге өндіруге және сақтауға тыйым салынған.

Өзбекстанның Мемлекеттік кеден комитетінің деректері бойынша, 2016 жылы бір ғана «Ташкент-Минск» әуе рейсінің жолаушыларынан 100 келіден астам насыбай тәркіленген (43 кедендік заңнаманы бұзу фактісі бойынша).

Құқық бұзушылар барған елдің заңнамасы бойынша жауапқа тартылады. Тәртіпті сақтай отырып, жолаушылар өзін ғана емес, өз елінің абыройын да қорғайды, делінген Өзбекстан кеден мекемесінің хабарламасында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT