Өзбекстандықтар 100%-ға дерлік коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырған

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын 21,3 млн адам, яғни елдің ересек тұрғындарының 99,4%-ы салдырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңла елде вакцинаның 72,6 млн дозасы егілген. Оның ішінде 21,3 млн адамға бірінші доза, 18,5 млн адамға екінші доза, 11,1 млн адамға үшінші компонент (ZF-UZ-VAC2001 қытай-өзбек вакцинасы үш дозамен енгізіледі) салынған. Бустерлік дозамен 21,6 млн өзбекстандық вакциналанған.

«Бірінші дозаны салдырғандар көрсеткіші жоспарлы вакциналаумен салыстарғанда – 99,4%», - деп хабарлады Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомство 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакциналау үшін 2,5 млн астам вакцина дозасы пайдаланылғанын, оның ішінде бірінші дозаны 1,1 млн бала, екінші дозаны 994 мың бала және бустерлік дозаны 361 мың жасөспірім салдырғанын айтты.

Бұған дейін Өзбекстанда вакцинация науқаны өткен жылдың 1 сәуірінде басталғаны хабарланған болатын. Вакцинация AstraZeneca, ZF-UZ-VAC2001, «Спутник-V», Moderna, Pfizer және Sinovac препараттарымен жүргізіледі. Республикада 2021 жылғы 3 тамызда жұмыс істейтін тұрғындарды міндетті вакциналаудың құқықтық негізін бекітетін заң қабылданды.


Соңғы жаңалықтар