+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Өзбекстандық жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді Ташкентте құшақ жая күтіп алды

2019 жылғы 14 сәуір 21:21
Бөлісіңіз:
Өзбекстандық жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді Ташкентте құшақ жая күтіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің өзбекстандық фан клубы әншіні Ташкенттегі әуежайдан құшақ жая күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құшақ-құшақ гүлдер, шар мен нан ұстаған жанкүйерлер - әншінің өзбекстандық фанаттары Димашты қалай күтіп алғанын фанклубтың Instagram парақшасында жариялады.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапары басталған болатын. Сапар барысында Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылы салтанатты түрде ашылады. Онда Қазақстанның белгілі әншілері өнер көрсетеді.

Димаш Құдайбергеннің әке-шешесі Қанат пен Света Айтбаевтардың Instagram парақшасынан хабарланғандай,«Ozbekiston» телеарнасы бойынша қазақ әндері шырқалатын болады. Айтбаевтардың Instagram парақшасында Өзбекстан әртістері Жақсыкелді Сейіловтың «Жезкиік» әнін шырқап жатқанын көруге болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапары кезінде қала билігі Ташкент көшелерін Қазақстан символикаларымен әрлеп тастаған.

Сонымен бірге, Өзбекстан астанасында Мемлекеттік музейде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» атты көрме ашылды. Онда Қазақстан Республикасының символ саналатын «Алтын адам» қойылды.

Одан бөлек, ӨзА Ұлттық ақпараттық агенттігі Өзбекстандағы Қазақстан жылының жариялануына байланысты сайттың қазақ тіліндегі нұсқасын шығарды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT