Өзбекстандық шекарада есірткі алып өтпек болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -ҚР ҰҚК Шекара қызметі есірткі алып өтпек болған көрші ел азаматтарын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оңтүстік» және «Солтүстік» өңірлік басқармаларына қарасты «Жібек жолы» (Сарыағаш), «Қордай-авто», «Булаево-теміржол» (Петропавл) өткізу бөлімшелерінде екі өзбекстандық, бір ресейлік есірткі заттарымен құрықталды», - деп атап өтілген Шекара қызметі хабарламасында.

Бұдан бөлек, Алматы халықаралық әуежайында шекарашылар уақытша тіркеу туралы анықтаманы қолдан жасап алған екі Өзбекстан азаматын ұстады. Бірі 32-де, екіншісі 24 жаста. Бұлар екі күнде, бірақ бір рейстен, яғни «Алматы - Ташкент» бағытындағы HY-766 әуе рейсінен ұсталды.

«Солтүстік шекарада екі ресейлік пен екі қазақстандықтан қару-жарақ пен арнайы қорғаныс құралдары табылды. Сонымен қатар, Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ-авто» бөлімшесінде Ресейге қарай өтіп бара жатқан 1993 жылғы РФ азаматының жекеменшік «Форт» автокөлігінен «Удар М-2» газ тапаншасы және оның қосалқы аэрозоль баллоны табылып, Қарабалық ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды», - делінген таратылған мәліметте.

Белгілі болғандай, 1 сәуір күні Орал шекара отрядының «Сырым-авто» бөлімшесінде 38 000 келі қара металл мен макулатура Ресейге шығарылмай кері қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар