Өзбекстандық 21 мың долларды заңсыз алып өтпек болды
2022 жылғы 24 мамыр 17:43

Өзбекстандық 21 мың долларды заңсыз алып өтпек болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент-Ыстанбұл бағытындағы әуе рейсінен Өзбекстан азаматы ұсталды. Ол 21 мың АҚШ долларын (шамамен 9 133 680 теңге) заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«Өзбекстан Республикасы азаматының бұл әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылады. Осы дерек бойынша, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімішілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін істің материалдары жолданды», - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT