+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Өзбекстандағы Сардоба су бөгетінің жарылысы: 17 адам сотталды

2021 жылғы 11 мамыр 00:45
Бөлісіңіз:
Өзбекстандағы Сардоба су бөгетінің жарылысы: 17 адам сотталды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Сардоба су қоймасындағы бөгеттің жарылуына байланысты қылмыстық іс бойынша 17 адам сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Өзбекстанның Жоғарғы сотына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Ведомствоның мәліметінше, 6 адам 3-тен 10 жылға дейінгі аралықта нақты мерзімге бас бостандығынан айырылып, 1 адамның бас бостандығы 4 жылға шектелді, өзгелеріне ірі көлемде айыппұл салынды.

Ең ұзақ мерзімге «Узтемирйулкурилишмонтаж» мекемесінің бас директорының бұрынғы орынбасары, гидротехикалық құрылғылар құрылысы дирекциясының бұрынғы басшысы М.Холматов сотталды.

Аса ірі көлемде ұрлық жасағаны, жалған құжат жасағаны сондай-ақ салдары кісі өлімімен мен сол сияқты өзге де ауыр жағдайға алып келген тау, құрылыс немесе жарылу қаупі бар жұмыстарды атқару кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы материалдық жауапты қызметтерді атқаруға тыйым салынды.

«Сирдаре сув курилиш инвест» мекемесінің бұрынғы басшысы С.Абдуназаров пен UzGIP перспективалық жобаларды жоспарлау бөлімінің бұрынғы бастығы С. Руднев 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айыппұл 6,8 өзбек сумынан 134 млн сумға дейінгі аралықта салынды. Сот сонымен қатар кінәлілерге мемлекет қаржысын талан-таражға салу, жымқыру және Сардоба су қоймасының жарылуы салдарынан келген шығын бойынша шара қолданады.

Осыған дейін Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып , елді мекендер, коммуникациялық желі, егістікке зақым келген. Соның салдарынан Түркістан облысында 4 ауылды су басып , 620 үй бүлінді. Мақтарал ауданында 2 мамырда түнгі 00:00-де төтенше жағдай жарияланды.

Сондай-ақ Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.


Мәдибек Жәнібеков


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT